20.04.2026, 09:20

Зардап шеккендер бар: Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

Фото: видеодан скриншот

11 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Алматы–Өскемен тасжолында Foton жүк көлігі мен Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусының қатысуымен жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Полицияның алдын ала мәліметінше, Foton жүргізушісі екінші жолақтан кері бұрылмақ болған сәтте маневр қауіпсіздігіне көз жеткізбей, шағын автобуспен соқтығысқан.

Жол апатының салдарын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бейнежазбадан соққының көліктің бүйіріне тигені байқалады. Салдарынан есіктер ашылмай, кейбір жолаушыларды арнайы құралдардың көмегімен шығаруға тура келген.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жетіп, құтқару жұмыстарын жүргізді.

Салдарынан 11 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.