$ 469.52  553.75  6.15

Жезқазғанда «Қазақмыс» қызметкерлері Наурыз саябағын көгалдандырды

18 сәуірде компания қызметкерлері Жезқазған қаласындағы Наурыз саябағына 150 түп ағаш отырғызды.

Фото: Қазақмыс
Фото: Қазақмыс

 «Қазақмыс» компаниялар Тобы республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыруда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

18 сәуірде компания қызметкерлері Жезқазған қаласындағы Наурыз саябағына 150 түп ағаш отырғызды. Акцияны өткізу үшін компания көшет пен құнарлы топырақ жеткізді. Іс-шараға Топ кәсіпорындарының қызметкерлері қатысты. Қатысушылар шұңқыр қазып, ағаш отырғызды және бастапқы суару жұмысын жүргізді. Алдағы уақытта отырғызылған жасыл желекті күтіп-баптау жұмысын саябақ әкімшілігі қамтамасыз етеді.

Ағаш отырғызу «Қазақмыс» компаниясының өзіне қатысы бар өңірлердегі экологиялық жұмысының кезекті кезеңіне айналды. Компанияның өткен аптадағы экологиялық іс-шарасына 700-ге жуық жұмыскер қатысып, кәсіпорын аумағы мен қала алаңдарынан 95 тонна қоқыс шығарды.

Соңғы күндері компания қызметкерлері Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы өндірістік нысандар мен аумақтарды тазалау үшін сенбілікке қатысты. Сонымен қатар Балқаш көлінің жағалауын қоқыстан тазарту жұмысын ұйымдастырды.

Компания «Таза Қазақстан» акциясына жүйелі түрде қатысады.

Экологиялық бастама, оның ішінде тұрақты өткізілетін «таза бейсенбі» іс-шарасы сәуір, мамыр айларында да жалғасады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0