20.04.2026, 15:20

Мұхтар Шахановтың қайда жерленетіні белгілі болды

Фото: Massaget.kz

Жерлеу рәсімі сол күні сағат 11.30-да "Кеңсай-2" зиратында болады. 

Мұхтар Шаханов «Кеңсайға» жерленетін болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ақынмен қоштасу рәсімі 21 сәуірде сағат 09.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында болады.

Жерлеу рәсімі сол күні сағат 11.30-да "Кеңсай-2" зиратында болады. 

Шаханов тірі кезінде өзін Отырарда, Арыстан баб кесенесінің маңына жерлеуді сұраған. 

Бұл жайында ақынның жары Президентке хат жолдап, соңғы аманатын жеткізген еді.