20.04.2026, 16:10

Қостанайда шұрық-тесік жолдың кесірінен көлікке зақым келген

Фото: видеодан скрин

«Ешкім жауап бермейді, соңында кінәлі өзім болып шығам» дейді жүргізуші.

Қостанай облысында жүргізуші шұрық-тесік жолдың кесірінен көлігіне зақым келгенін айтып, дабыл қақты. Оқиға Әулиекөл емес, Бейімбет Майлин ауданына қарасты жолда болған.

Әйелдің сөзінше, қарсы бағытта келе жатқан КАМАЗ-дан ұшқан тас көліктің алдыңғы әйнегін шағып кеткен. Бірақ оны ашуландырғаны – тек шығын емес, жауапты адамның табылмауы.

«Ешкім жауап бермейді, соңында кінәлі өзім болып шығам» дейді жүргізуші.

Айтуынша, дәл осындай жағдай бұл жолда жиі қайталанады. Әсіресе Әйет–Асенкритовка бағыты мен Тобыл жақтағы учаскелердің жағдайы сын көтермейді. Жүргізуші полицияға жүгінген, алайда нақты көмек орнына «102-ге хабарласу керек еді» деген жауап алған.

Қазір бұл жолдарға кім жауапты екені белгісіз күйде қалып отыр. Ал тұрғындар болса, «жолды жөндемей, жауапсыздықты жаппайынша мұндай жағдай тоқтамайды» дейді. Видео: ng.kz