Ол маған әкесіндей арқа сүйей алады, менің қолдауыма.
Дизайнер Құралай Нұрқаділова әкесінің екінші некесіндегі қызы Мерей Заманбекқызы туралы ойын айтты. Бұл туралы ол “Почему не я” YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
”Әкемнің жерлеуінде ол кішкентай болатын. Оның әзірге араласқысы келмейтініне оны жазғыра алмаймын. Мен дайын емес кезде, мен араласа алмадым. Оның өмірге келуіне де, басқасына да қарсы болған емеспін. Мен тек оған дайын болмадым. Ол маған әкесіндей арқа сүйей алады, менің қолдауыма. Көп жағдайда мен бәрібір әкеме ұқсаймын. Есейген кезде әкесі жанында бола алмады, әкемнің маған айтқандарын оған жеткізе аламын”, — деді Нұрқаділова.
Сондай-ақ, Құралай Заманбекқызы әкесімен 15 жыл бойы неге араласпағанын да айтып берді.
”Әкеммен қарым-қатынасымыз оңай болған жоқ. Оның жанындағы адамдарға әкемнің қасында болуым пайдалы болған жоқ. Мінезім дәл әкем сияқты. Әкеме көп нәрсені ашық айтатынмын, көп нәрсеге көзін ашатынмын. Қазіргі кезде “әкеңізге неге өкпелісіз” деп көп айтып жатады. Мен әкеме мүлдем өкпелі емеспін, өйткені ол кезде не болып жатқанын жақсы білдім. Әкемнің кабинетіне кіріп бастаған кезде, ол маған қарсы айдап салынған еді. Кірген бойдан айқайлайтын. Қазір ғана кімдердің айдап салғандарын жақсы білемін, бірақ кім екендерін айтпаймын”, — деді Құралай Нұрқаділова.