$ 469.49  552.59  6.24

Алматы тұрғыны арыққа құлап мерт болды

Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматы қаласында арықтан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, марқұм алкогольдік масаң күйде болған. 

Алдын ала деректер бойынша, ол тепе-теңдігін жоғалтып, арыққа құлап кеткен. Салдарынан алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның өзге мән-жайлары анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Алматы #арық