$ 469.49  552.59  6.24

«Шаңырағыңыз ойсырап қалды, ата»: Мұхтар Шахановтың келіні жоқтау жазба жариялады

Ол қайын атасының қазасы отбасы үшін ғана емес, бүкіл ел үшін орны толмас ауыр қайғы екенін атап өтті.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Мұхтар Шахановтың келіні Жаңагүл Өмірбекова әлеуметтік желіде ақынның дүниеден өтуіне байланысты жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол қайын атасының қазасы отбасы үшін ғана емес, бүкіл ел үшін орны толмас ауыр қайғы екенін атап өтті.

"Атам өтті бұл жалған өмірден…
Артынан өшпес із, асыл сөз, биік рух қалдырған…
Шаңырағыңызбен, еліңіз ойсырап қалды…
Ұрпағыңыз сізбен мақтанады, жан атам.
Жаныңыз жәннатта болсын…", – делінген жазбада.

Жазбасында марқұмның артында өшпес мұра, асыл сөз бен биік рух қалғанын айтып, ұрпағының онымен мақтанатынын жеткізген.

Жақындарының бұл тебіреніске толы сөзі көпшілікке әсер етіп, әлеуметтік желі қолданушыларының көңіл күйімен үндескен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0