21.04.2026, 11:30

40 жыл жұмыс істесең – зейнетке ерте шығасың ба? Қазақстанда жаңа ұсыныс талқыланып жатыр

Фото: видеодан скриншот

Бұл ұсынысты Аскарбек Ертаев айтып, қоғамда қызу талқы басталды.

Қазақстанда 40 жыл үздіксіз еңбек еткендерге зейнетке ерте шығу құқығын беру мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл ұсынысты Аскарбек Ертаев айтып, қоғамда қызу талқы басталды.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай өзгеріс ауыр жұмыс істеген адамдарға жеңілдік болуы мүмкін. Бірақ бюджетке түсетін салмақ пен жүйенің тұрақтылығы да қатар қаралып жатыр.

Егер ұсыныс қабылданса, мыңдаған қазақстандық үшін зейнет жасы қайта қаралуы ықтимал.