$ 469.49  552.59  6.24

«Есіктің алдына кілт тастап кеткен»: Атырауда қаза тапқан отбасыға қатысты тағы бір дерек пайда болды

Осы жиын барысында марқұмдардың жақындары күтпеген жағдайды айтқан.

Фото: politico.kz
Фото: politico.kz

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында қайғылы жағдайда қаза тапқан отбасы ісіне қатысты жаңа, түсініксіз жайттар пайда болуда. Бұл туралы «КТК» арнасының тілшісі Жанар Молдашева айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ақпаратқа сәйкес, жуырда марқұм ерлі-зайыптылар – Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның, сондай-ақ олардың балалары Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның зираты тұрғызылған. Сол күні қаралы үйде Құран оқытылып, ағайын-туыс пен ауыл тұрғындары жиналған.

Осы жиын барысында марқұмдардың жақындары күтпеген жағдайды айтқан. Олардың сөзінше, жуырда белгісіз біреу қаралы үйдің есігінің алдына кілт тастап кеткен.

Марқұмның туыстарының бірі үйге жиі келіп, нан пісіріп, иіс шығарып жүрген. Кезекті келген сәтінде табалдырықта жатқан кілтті байқап, сол кілт арқылы үйдің есігін ашқан.

Бұл жайт туыстардың күдігін күшейте түскен.

«Сонда күдікті күйеу баладан бөлек, бұл іске қатысы бар тағы біреу болуы мүмкін бе?» – деген күмән айтыла бастады.

Қазіргі таңда бұл жағдайға қатысты нақты мәліметтер нақтыланып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0