22.04.2026, 07:30

Жаңбыр, найзағай: Қазақстанның 10 өңірінде ауа-райы күрт нашарлайды

Фото: Pixabay

Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

2026 жылғы 22 сәуірге Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Маңғыстау облысында түнде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі.

Жамбыл облысында таңертең және күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте және таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Таулы аудандарда тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Ұлытау облысында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Жезқазған қаласында күндіз кей уақытта жаңбыр, найзағай, бұршақ болады.

Қарағанды облысында күндіз батыста, солтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз шығысында, орталығында екпіні 15-18 м/с. Қарағанды қаласында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ болады.

Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соғады, күндіз батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында түнде оңтүстігінде, таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай, қатты жел күтіледі, күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте, таулы және тау етегіндегі аймақтарда жаңбыр, найзағай болады, күннің екінші жартысында таулы және тау етегіндегі аймақтарда қатты жаңбыр күтіледі. Таулы аймақтарда тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, ең шеткі батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с. Қызылорда қаласында күндіз жаңбыр, найзағай болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с. Петропавл қаласында оңтүстік-батыс желі, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман болады. Жел оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соғады, күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Түнде солтүстікте және шығыста -3 градусқа дейін үсік күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады. Түнде топырақ бетінде -3 градусқа дейін үсік күтіледі.