22.04.2026, 09:10

«Ақша бермедің деп құлатты»: Сарыағаштағы АвтоЦОН-да дау шықты

Фото: видео скриншот

Алайда соңғы сәтте жүйе оны “құлатқан”.

Сарыағаштағы АвтоЦОН-да жүргізуші куәлігін алу кезінде даулы жағдай туындады. Тұрғын емтиханды толық тапсырып, қажетті балл жинағанын айтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алайда соңғы сәтте жүйе оны “құлатқан”. Орталық қызметкерлері мұны “техникалық ақаумен” түсіндірген.

Бірақ бейнежазба авторы жағдайды басқаша бағалайды. Оның сөзінше, мәселе ақша бермегеннен кейін туындаған. Кадрда қызметкерлердің “компьютер құлап қалды” деген жауабы да естіледі. Бұл жайт әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары жүйеге сенім бар ма деген сұрақ қойып отыр. Құзырлы органдар бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме беруі тиіс.