22.04.2026, 09:20

Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ицхак Герцогты Израиль Мемлекетінің Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бақ-береке тіледі.

Еске сала кетсек, кеше елімізге мемлекеттік сапармен Моңғолия президенті Ухнаагийна Хурэлсуха келді.