22.04.2026, 13:00

Асанәлі Әшімовке қатысты қуанышты хабар шықты

Фото: instagram.com/auezovtheatre

Асанәлі Әшімовтің театр мен кино саласындағы еңбегі, сахнадағы жарқын рөлдері мен ұстаздық жолы ұлттық мәдениеттің алтын қорынан орын алған.  

Алматыда «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, КСРО және Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімовтің есімі берілді. Енді мәдени ошақ ресми түрде Асанәлі Әшімов театры деп аталады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Аталған шешім – өнер майталманына көрсетілген құрмет қана емес, сонымен бірге оның бай шығармашылық мұрасын сақтап, кеңінен дәріптеуге бағытталған маңызды қадам. Асанәлі Әшімовтің театр мен кино саласындағы еңбегі, сахнадағы жарқын рөлдері мен ұстаздық жолы ұлттық мәдениеттің алтын қорынан орын алған. Алдағы уақытта театр дәстүр мен заманауи бағыттарды ұштастыра отырып, көрерменге мазмұнды әрі сапалы қойылымдар ұсынуды көздейді. Сонымен қатар жаңару кезеңі аясында театрдың жаңа бейнесін айқындайтын «Үздік логотип» байқауы басталды.  Ұйымдастырушылар бұл ақпаратты дизайнерлер мен шығармашылық қауым өкілдері арасында кеңінен таратуды сұрайды.