22.04.2026, 22:30

Өртемек болған: Павлодар облысында жалаңаш әйелдің мәйіті табылды

Фото: Егемен Қазақстан

Ақсу қаласының маңында түсірілген қорқынышты кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.

Павлодар облысында жалаңаш әйелдің мәйіті табылды. Оны өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сілтеме жасап. 

Ақсу қаласының маңында түсірілген қорқынышты кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.

Бейнежазбада әйелдің жалаңаш мәйіті көрсетілген, денесінде өртелген болуы мүмкін екенін білдіретін іздер бар. Видео сипаттамасында марқұмның денесі облыстағы өнеркәсіптік кәсіпорыннан үш шақырым жерде табылғаны айтылған.

Полиция бұл жантүршігерлік оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Ақсу қаласында әйелді өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның баспасөз қызметі қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын қосты.