Бұл шешімді сынап жатқандар көп.
Журналист Жарылқап Қалыбай ақынның ақырғы аманатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Ол кісі Өзбекәлі Жәнібековтің жанына жатқысы келді. Ауылдың бір шетіне жерлеу аманатқа қиянат болады», — дейді Жарылқап Қалыбай.
Айта кетерлігі, бұған дейін ақынның жары Ханшайым Шаханова президент әкімшілігіне хат жазып, Мұхтар Шахановты Арыстан баб кесенесінің аумағына жерлеуді сұраған Ханшайым Шаханова бұл әрекетін «Ақынның ақырғы аманаты» деп түсіндірген.
Кейін Мұхтар Шаханов Арыстан баб кесенесінің аумағына емес, кесене маңындағы Қоғам ауылдық зиратына жерленетіні белгілі болды.
Бұл шешімді сынап жатқандар көп. Сынағандардың басым бөлігі «Шаханов кесене аумағына жерлеуді аманат еткенін» айтады.