23.04.2026, 09:15

«Жөнделді» деген жол қайта жұтып жатыр: Көкшетауда көлік шұңқырға кіріп кетті

Фото: видеодан скриншот

Қауіпті шұңқыр түнде мүлде көрінбейді, бұл – апатқа тікелей себеп.

 

Көкшетаудағы Боровской ықшамауданында “жөнделді” делінген жол тағы да дауға қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Коммуналдық қызметтер апатты жойған соң, жолды толық қалпына келтірмей, үстінен ғана тегістеп кеткен.

Белгі алынып тасталғанымен, қауіпті жер сол күйі қалған. Соның салдарынан бұл орынға тағы бір көлік түсіп кеткені белгілі болды.

Тұрғындар бұл мәселені бұрын да көтергенін айтады. Алайда уақытша “жөндеу” нақты шешім болмай шыққан.

Қауіпті шұңқыр түнде мүлде көрінбейді, бұл – апатқа тікелей себеп. Жергілікті халық жауаптылардан нақты әрі сапалы жұмыс талап етіп отыр.

Өйткені мұндай салғырттық ертең адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. “Жөнделді” деп есеп бергендер енді осы жағдайға кім жауап беретінін түсіндіруі керек.