$ 461.37  542.16  6.14

Маңғыстауда мал қырылды: 500-ден астам шығын – кім жауап береді?

Қарақия ауданында жер лайланып, батпаққа айналып, малдың қозғалысы қиындаған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Маңғыстау облысында нөсер жауынның салдары ауыр болды – екі күнде 500-ден астам мал қырылғаны тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қарақия ауданында жер лайланып, батпаққа айналып, малдың қозғалысы қиындаған. Алдын ала мәлімет бойынша, шығынға ұшырағандардың ішінде жылқы, түйе және ұсақ мал бар. Жергілікті шаруалар бұл жағдайға табиғат қана емес, дайындықтың әлсіздігін де себеп деп отыр.

Қазір әкімдік арнайы техника тартып, зардапты жою жұмыстарын бастап кеткен. Мал шығынын есептеу мен құжат рәсімдеу жүріп жатыр, әрбір бас чип арқылы тексеріледі.

Одан кейін ғана өлекселерді жою жұмыстары басталмақ. Ең басты сұрақ – шаруалардың шығыны толық өтеле ме, әлде тағы да созбалаңға салына ма. Әкімдік өтемақы заң аясында қаралатынын айтқанымен, нақты мерзім әлі белгісіз.

Ауылдағы ағайын болса, “табиғат апаты қайталанбас үшін нақты жүйе керек” деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0