$ 461.37  542.16  6.14

Футбол ойнап жүрген: Теміртауда үш бала құрылыс алаңында тоққа түсті

Қарағанды облысы полиция департаменті оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Теміртау қаласындағы тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатқан аумақта үш кәмелетке толмаған бала электр тоғынан зардап шекті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Коммуналдық желілерге қызмет көрсететін «РЭС» ЖШС мамандары оқиға орнында жедел әрекет етіп, қосалқы станциядан берілетін электр қуатын толықтай өшірді. Қазіргі уақытта аталған аумақ электр қуатынан толығымен ажыратылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кабель желісін демонтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Теміртау қаласының әкімдігі оқиғаны бақылауда ұстап отырғанын хабарлады. Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, оқиға болған аумақ құрылыс нысаны болып, белгіленген талаптарға сәйкес қоршалған. Оқиғаға байланысты барлық қажетті шара қабылданған: электр қуаты өшіріліп, техникалық жұмыстар басталған. Қауіпсіздік талаптарының сақталуына қосымша тексеріс жүргізілуде. 

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен балалардың барлығы медициналық мекемеге жедел жеткізілгенін хабарлады. Ауруханаға түскен кезде балалардың жағдайы орташа ауырлықта және тұрақты деп бағаланған. Олар кешенді консервативті ем қабылдап, емдеу нәтижесінде оң динамика байқалған. Қазіргі уақытта науқастар бейінді бөлімшеге ауыстырылған. 

Қарағанды облысы полиция департаменті оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0