23.04.2026, 17:20

«Қарны шыққан еркектер»: Роза коучтың ер азаматтарға қарата айтқан сөз көптің ашуына тиді

Фото: видео скриншот

Барлық еркек сіз ойлағандай емес Роза ханым!

Коуч Роза Әшірбаева жаңа жазбасымен көпшіліктің ашуына тиді. Бұл туралы ол Threads желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

”Қарны шыққан еркекке де: ооо аяғың ауыр ма не? Құтты болсын”, — деп айтамыз деп жазды коуч.

Желі оқырмандарына Әшірбаеваның жазбасы ұнамай қалды.

"Барлық еркек сіз ойлағандай емес Роза ханым", "Осы кісінің еркектерден травмасы бар", "Мұндай әңгіменің не керегі бар, көзі ашық адамсыз ғой", "Мүмкін денсаулығында кінәрәт бар шығар", деп жазды көпшілік.