$ 462.87  540.72  6.16

Атыраудағы сұмдық: күйеу бала Сұлтанға қатысты ешкім күтпеген ақпар шықты

Ал оның әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваның психикалық жай-күйіне тағайындалған сарапта әлі жүргізіліп жатыр.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Атырау облысы Жангелдин ауылында болған жағдайға байланысты отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды. Сот медициналық сараптамасында және тергеу барысында анықталған дәлелдерге сәйкес Наурыз Мұқанғалиевтің 2025 жылдың мамыр айында қайтыс болғаны анықталды. Ал қалған үшеуі қараша айында көз жұмған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы

Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбектің айтуынша, барлық жәбірленушінің денесінен ас үй пышағымен тесілген дене жарақаты анықталды. Жарақаттың саны алты және одан да көп. Кесілген және тесілген дене жарақаттары өлімге себеп болған.

4 азаматтың өліміне күдікті деп танылған Сұлтан Сарсемалиевке жүргізілген сараптаманың нәтижесінде оның ақыл-есі дұрыс екені белгілі болды. Ал оның әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваның психикалық жай-күйіне тағайындалған сарапта әлі жүргізіліп жатыр. Ол қазір Алматы облысындағы арнайы орталықта жатыр.

- Ақбаян Мұқанғалиева қатысты қорытынды шыққан жоқ. Ол күдікті ретінде танылған. Бұлтартпау шарасы қабылданған жоқ. Іс-әрекеті сараланған жоқ. Сараптама бір ай көлемінде жүргізіледі. Ол уақыттан да ұзарып кетуі мүмкін, - деді облыс прокурорының көмекшісі Жандар Болатбек.

Қылмысты жасауға отбасылық жанжал себеп болған.

- Ақбаянның жақындары мен Сұлтан Сарсемалиевтің арасында кикілжің болған. Қазіргі уақытта бұл қылмысқа басқа тұлғалардың қатысы анықталған жоқ, - деді облыс прокурорының көмекшісі Жандар Болатбек.

Сұлтан Сарсемалиев желтоқсан айында шекара асып өткен. Яғни, қылмыс туралы хабарланған кезде ел аумағында болмаған.

- Шекарадан заңды өткен. Шекара қызметшілерінің тарапынан ешқандай заңбұзушылық анықталмады, - деп толықтырды прокуратура өкілі.

Айта кетейік, күдікті Сұлтан Сарсемалиевке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 2 бөлігінің 1 тармағына сәйкес, яғни екі және одан да көп адамдардың өлімі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сондай-ақ мал сату, карталарды жымқыру сынды деректері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188 және 190 бабы бойынша қосымша қылмыстық іс тіркелді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2