Ауыр халде ауруханаға жеткізілген жәбірленушіні дәрігерлер аман алып қала алмады.
Талдықорған қаласында әйел адамның өліміне әкелген қайғылы оқиға тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алдын ала деректерге сәйкес, тұрмыстық жанжал барысында ер адам әйелге бірнеше рет пышақ жарақатын салған.
Ауыр халде ауруханаға жеткізілген жәбірленушіні дәрігерлер аман алып қала алмады.
Аталған факті бойынша Жетісу облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, оны адам өлтіру бабы бойынша тергеуде. Күдікті жедел түрде ұсталып, қамауға алынған.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеу құпиясына байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.