$ 464.86  544.03  6.14

Шымкентте 2 жасар бала 24 метрлік құдыққа құлап кеткен

Қыз бала әрі қарай тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Шымкентте 24 метрлік құдыққа құлап кеткен екі жасар қыз құтқарылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

112 пультіне Қаратау ауданындағы Құдайбергенов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйден шақырту түскен. Ересектердің қарауынсыз қалған 2024 жылы туған қыз баланың құдыққа құлап кеткен.

“Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жіберілді. Келген кезде құдықтың тереңдігі шамамен 24 метр екені анықталды. Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, құдыққа түсіп, баланы абайлап жер бетіне шығарды”, – деп хабарлады Төтенше жағдай министрлігі.

Қыз бала әрі қарай тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Ведомство өкілдері ересектерге баланы қараусыз қалдырмау керек екенін ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0