$ 464.86  544.03  6.14

ҰБТ қалай өзгереді: Министр жауап берді

Фото: Үкімет
Фото: Үкімет

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда ҰБТ-ға (ЕНТ) балама жаңа тест енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, қазір талапкерлер жылына бірнеше рет тест тапсырады: екі рет негізгі, екі рет сынақ және бір рет ақылы бөлімге түсу үшін.

Бұл өзгеріс биыл емес, келесі жылдан бастап енгізіледі. Яғни талапкерлер дәстүрлі ҰБТ-мен бірге жаңа форматты да таңдап тапсыра алады.

Жаңа тесттің басты артықшылығы - оны шетелдік университеттер мен олардың филиалдары да мойындайды. Тест әлемдегі ірі бағалау жүйелерін әзірлейтін ETS компаниясының әдістемесімен дайындалып жатыр.

Министрдің сөзінше, бұл тесттің сапа стандарты мүлде өзгеше болады. Енді талапкердің тек білімі емес, оның тұлғалық қасиеттері де ескеріледі.

Атап айтқанда, жаңа формат:

– білім деңгейін,

– ойлау қабілетін,

– лидерлік қасиетін,

– мотивациясы мен құндылықтарын бағалайды.

Осылайша, Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу жүйесі жаңарып, талапкерлерді бағалау тәсілі кеңеймек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0