Алдын ала мәлімет бойынша, 25 сәуір күні ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, оның соңы ауыр қылмысқа ұласқан.
Жітіқарада анасын арашаламақ болған 15 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қостанай облысының Жітіқара қаласында қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 25 сәуір күні ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, оның соңы ауыр қылмысқа ұласқан.
Оқиға барысында 37 жастағы әйел пышақ жарақатын алған. Анасына араша түспек болған әйелдің бұрынғы некеден туған 15 жастағы ұлы да жараланып, оқиға орнында көз жұмған.
Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде әйелдің күйеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.