29.04.2026, 12:00

Семейде жеңіл көліктің дөңгелегі жарылып, көпірге соғылды (ВИДЕО)

Фото: Абай облысы ПД

Жол-көлік оқиғасы 29 сәуір күні болды.

Семей қаласында жеңіл көліктің дөңгелегі жарылып, көпірден құлап кете жаздады. Автомобиль көпірдің темір қоршауына соғылып, аман қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жол-көлік оқиғасы 29 сәуір күні болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 23 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Chevrolet» маркалы автокөлік қозғалыс кезінде алдыңғы дөңгелегі жарылып, жүргізуші көлікті басқара алмай, көпірдің металл қоршауына соғылған.

«ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлік құралы мен жол инфрақұрылымына материалдық шығын келтірілді. Уәкілетті органдардың атына жол қоршауын қалпына келтіру туралы нұсқама жолданды», – делінген ПД хабарламасында.

Аталған факті бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзу, көлік құралдарына, жол және өзге де құрылыстарға зиян келтіруге әкеп соққан құқық бұзушылық үшін полиция қызметкерлері әкімшілік материал жинады.