$ 462.91  542.16  6.16

Куәгерлер видеоға түсірген: Астана тұрғыны аулады әйелін аяусыз сабаған (ВИДЕО)

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қазір осы оқиғаға байланысты отбасылық-тұрмыстық жанжал дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Астанада ер адам әйелін тұрғын үй аумағында, арбадағы кішкентай баланың көз алдында ұрған. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға "Саржайлау" тұрғын үй кешені маңында болған. Оқиғаны сол маңда жүрген куәгерлер видеоға түсіріп алған. 

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қазір осы оқиғаға байланысты отбасылық-тұрмыстық жанжал дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны ұстап, бөлімшеге жеткізді. Анықталғандай, елордадағы тұрғын үйлердің бірінің маңында 34 жастағы ер адам жұбайына күш қолданған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жәбірленушімен байланысуға шектеу қоятын қорғау нұсқамасы шығарылды", – деп хабарлады полиция. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0