$ 462.91  542.16  6.16

Астанада Бірлік күніне орай өткен аула турнирінде тұрғындар шахмат тақтасында бас қосты

Қатысушылардың айтуынша, мұндай жарыстар тек ойын емес, үлкен тәжірибе алаңы.

Фото: дереккөз
Фото: дереккөз

Астанадағы «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінде Бірлік күніне орай шахматтан турнир өтті. «Нұра» ауданы тұрғындары жиналған шараға 30-ға жуық адам қатысып, әрқайсысы өз шеберлігін сынады. Аулада өткен турнирде балалар мен ересектер бір үстелде отырып, тартысты партиялар өткізді, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Қатысушылардың айтуынша, мұндай жарыстар тек ойын емес, үлкен тәжірибе алаңы.

Турнирге қатысқан оқушы Әлихан Сейтжан:
«Бұрын тек үйде ойнайтынмын, ал мұнда басқа қарсыластармен ойнау қызық болды. Ұту емес, үйрену маңызды екенін түсіндім», – дейді.

Ал тағы бір қатысушы Аружан Нұрбекқызы шахматтың ойлауға әсерін атап өтті: «Әр жүрісті ойланып жасау керек. Бұл ойын маған сабыр сақтауды үйретеді», – деді ол.

Жасөспірім Дамир Қуаныш турнирдің атмосферасын ерекше бағалады:
«Аулада бәрі жиналып, бірге ойнаған өте керемет. Осындай турнирлер жиі болса екен», – дейді.

Жарыс соңында жеңімпаздар дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар көршілер арасындағы байланысты күшейтеді. Сонымен қатар балаларды гаджеттен алыстатып, пайдалы іске баулиды.

Мамандардың пікірінше, шахмат турнирлері логикалық ойлауды дамытып қана қоймай, адамның шыдамдылығы мен стратегиялық қабілетін арттырады. Сондай-ақ мұндай шаралар аула мәдениетін қалыптастырып, тұрғындардың бір-бірімен жақын араласуына ықпал етеді. 

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар үш санат бойынша анықталды.

Ұлдар арасында:
І орын – Болат Даниял
ІІ орын – Болат Дәурен
ІІІ орын – Төлеутай Абиджан

Қыздар арасында:
І орын – Әдильбекқызы Жасмин
ІІ орын – Альбекова Малика
ІІІ орын – Дүйсенбай Аяжан

Ересектер арасында:
І орын – Жансеитов Бағдат
ІІ орын – Оңғарбай Бексултан
ІІІ орын – Тазабек Азамат

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мұндай аулаішілік шахмат турнирлері соңғы уақытта тұрғындар арасында кеңінен ұйымдастырылып келеді. Әсіресе мерекелік күндерде өткізілетін жарыстар тұрғындарды біріктіріп, ортақ қызығушылық алаңын қалыптастырады.
Шахмат – тек ойын емес, ойлау мәдениетін дамытатын зияткерлік спорт түрі. Ол балалардың логикасын, есте сақтау қабілетін және стратегиялық ойлауын жетілдіреді. Ал ересектер үшін бұл – күнделікті күйбеңнен арылып, пайдалы уақыт өткізуге мүмкіндік. Сарапшылардың айтуынша, мұндай турнирлер балаларды гаджетке тәуелділіктен алшақтатып, тірі қарым-қатынасқа баулиды. Сонымен қатар ауладағы белсенді өмірді жандандырып, көршілер арасындағы байланысты күшейтеді. Осындай бастамалар арқылы қоғамда зияткерлік спортқа қызығушылық артып келеді.
Сондықтан мамандар аулаішілік және шағын форматтағы турнирлерді жиі өткізуді қолдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0