10.05.2026, 17:30

Атырауда 4 адамды өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сарсемалиевке қатысты тергеу аяқталды

Фото: qamqor.gov.kz

Бұл ақпаратты облыс прокуратурасы растады. 

Атырауда ата-енесін және әйелінің бауырларын өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сарсемалиевке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 2 бөлігінің 1 тармағына сәйкес, яғни екі және одан да көп адамның өлімі, мал сату, карталарды жымқыру сынды деректері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188 және 190 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.

Қазіргі уақытта Сұлтан Сарсемалиев қамауда отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, іс осы айда сотқа жіберіледі. Кейін сот процесі басталады.

Бұған дейін сот медициналық сараптамасы мен тергеу барысында анықталған дәлелдерге сәйкес Наурыз Мұқанғалиевтің 2025 жылдың мамыр айында қайтыс болғаны анықталды. Ал қалған үшеуі қараша айында көз жұмған.