10.05.2026, 18:30

Елімізге Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келеді

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

13-14 мамыр күндері Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен мемлекеттік сапармен Астанаға келеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.

15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.

Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады.