Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған.
Бүгін Қосшы қаласындағы Жамбыл Жабаев көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің қазандық бөлмесінде өрт шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тілсіз жау салдарынан қазандық бөлмесінің шатыры жанып, өрт аумағы 10 шаршы метрді қамтыған. ТЖМ қызметкерлері оқиға орнынан үй иесі мен 2019, 2021 және 2026 жылы туған үш баланы аман-есен құтқарып шықты. Қазіргі уақытта өрт толықтай сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған.