$ 461.26  542.58  6.18

«Кешірім сұраймын»: Продюсер ағасын «зорлады» деп айыптаған жігіт мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Айтуынша ол "Балапан" телеарнасын айтып, шатасып кеткен.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Күні кеше желіде өзін продюсер ағасы зорлағанын айтқан қазақстандық Нұрғали Нұғман есімді жігіт тағы да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айтуынша ол "Балапан" телеарнасын айтып, шатасып кеткен.

"Менің көкем зорлады деген видеоны көрген шығарсыздар. Негізі ол жерде "Балапан" телеарнасын "балапан" коммерциялық проектісімен шатастырыппын. "Балапан" телеарнасының ұжымынан кешірім сұраймын және олардың еңбектерін өте қатты бағалаймын. Осы жағдай жайлы сұхбатқа шақырсаңыздар толықтай айтып бере аламын. Бұл ақиқатты көлеңкеде қалдырғым келмейді, сіздерден қолдау күтемін. Өйткені біздің елімізде өте көп болып кетті. Және сондай зардап шеккен адамдардың бірі менмін", - деді ол.

Желі қолданушылары Нұрғали Нұғманға қолдау көрсететіндіктерін жазуда.

Бірнеше танымал журналистер сұхбатқа шақыратынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0