$ 461.26  542.58  6.18

Шымкентте жаңадан төселген жол опырылып жатыр

Тұрғындар «ақша қайда кетті?» деп ашулы.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Шымкентте жұрттың ашуын туғызған видео тарады. Кадрдан жаңадан жасалған жолдың ортасы отырып, люк маңы үгітіліп жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындар мұндай сапасыз жұмысты “жаңбырға да шыдамаған жол” деп сынап жатыр. Әлеуметтік желіде “қабылдап алғандар қайда қараған?” деген сұрақ көбейді.

Кейбір қала тұрғындары бюджет қаржысының жұмсалуына күмән келтіріп отыр. Видео астындағы пікірлерде мердігер компанияны тексеру керек деген талап та айтылған.

Әзірге жауапты мекемелерден ресми түсініктеме берілген жоқ. Желі қолданушылары бұл жағдайды Шымкенттегі жол сапасының кезекті мәселесі деп бағалауда.

Қалада жаңадан салынған жолдардың сапасына қатысты дау бұған дейін де бірнеше рет көтерілген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0