12.05.2026, 20:30

Астанада жолға жүгіріп шыққан бүлдіршінді көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Жол-көлік оқиғасы 11 мамыр күні шамамен сағат 16:30 шамасында Қорғалжын тасжолы мен Мұхамедханов көшесінің қиылысында болған.

Астанада кішкентай бала көлік қағып, жол апатына ұшырады. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жол-көлік оқиғасы 11 мамыр күні шамамен сағат 16:30 шамасында Қорғалжын тасжолы мен Мұхамедханов көшесінің қиылысында болған.

Куәгерлердің сөзінше, бір топ бала бағдаршамның қызыл түсіне қарамай, жүріп жатқан көліктердің арасымен жүгіріп өтпек болған. Сол сәтте жүргізушілердің бірі көлікті дер кезінде тоқтата алмай, балалардың бірін қағып кеткен.

Қазіргі уақытта зардап шеккен баланың жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ.

Оқиғаға қатысты агенттік тілшісі Астана қалалық Полиция департаментіне ресми сауал жолдады.