13.05.2026, 09:20

Жүк көлігі қағып кеткен: Атырауда сенбілік кезінде ер адам көз жұмды

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Ол алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Әлеуметтік желіде Құлсарыда сенбілік кезінде жол-көлік оқиғасы салдарынан "ҚазТрансОйл" компаниясының қызметкері қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, оны жүк көлігі қағып кеткен. Ол алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

“ҚазТрансОйл” компаниясының еңбек қауіпсіздігі, экология және төтенше жағдайлар департаментінің директоры Асқар Қабуловтың айтуынша, компания қаза тапқан қызметкердің отбасына барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.

Компания бұл жазатайым оқиғаны растады, алайда қызметтік тексеру аяқталғанға дейін оқиғаның егжей-тегжейін жариялаудан бас тартты.

"Қазір “ҚазТрансОйл” компаниясы болған жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру үшін мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеп жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін оқиғаның егжей-тегжейі жария етілмейді", – делінген компания жауабында.