13.05.2026, 13:00

Головкин басқаратын World Boxing үйымы Беларуське қатысты шешім шығарды

Фото: ҰОК

сейлік боксшыларға қатысты тәртіп өзгеріссіз қалды.

Халықаралық World Boxing федерациясы Беларусь боксшыларына ұлттық ту мен әнұран астында өнер көрсетуге қайта рұқсат берді. Енді олар халықаралық жарыстарға елдің ресми формасымен қатыса алады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мұндай шешім ұйымның атқарушы комитеті тарапынан 2026 жылғы 12 мамырда қабылданды. Бұған Халықаралық Олимпиада комитетінің беларусь спортшыларының құқықтарын қалпына келтіруге қатысты ұсынымдары негіз болған.

Ал ресейлік боксшыларға қатысты тәртіп өзгеріссіз қалды. Олар бұрынғыдай халықаралық турнирлерге тек бейтарап спортшы мәртебесімен ғана қатысады.

Айта кетейік, World Boxing ұйымы 2023 жылы құрылған. Кейін Халықаралық Олимпиада комитеті бұл федерацияны 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарындағы бокс турниріне жауапты ұйым ретінде ресми таныды.