$ 463.91  544.63  6.26

Маңғыстаудағы сарбаз өлімі: Бірнеше командир қызметінен босатылды

Қазіргі таңда қылмыстық іс сот қарауына жіберілді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

17 ақпанда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде болған сарбаз Р. Жайғалиевтің қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тергеу барысында әскери бөлім командирінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарап, жеке құрамды бақылау мен қаруды пайдалану тәртібін сақтау бойынша жарғыда және ведомстволық бұйрықтарда көрсетілген талаптарды орындамағаны анықталған. Салдарынан қайғылы жағдай орын алған.

Бас әскери прокуратура мәліметінше, әскери прокурорлардың тұрақты бақылауы мен жедел-тергеу тобының үйлесімді жұмысының арқасында қысқа уақыт ішінде қажетті дәлелдер жиналып, барлық сот сараптамалары жүргізілген.

Қазіргі таңда қылмыстық іс сот қарауына жіберілді.

Сонымен қатар, барлау-шабуыл батальонының командирі, оның орынбасары және рота командирі қызметінен босатылды. Бұдан бөлек, 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Бас әскери прокуратура әскери қызметшілердің өліміне себеп болған қылмыстар бойынша жазаның бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0