$ 463.91  544.63  6.26

Шұғыл рейс: Таиландтан анасы мен сәбиі Алматыға жеткізілді

Әуе көлігі 11 мамырда Пхукет қаласынан Алматы қаласына 2 айлық нәрестені аман-есен жеткізді.  

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова хабарлады, деп жазады Sn.kz сайты.

Науқастың жағдайының ауыр болуына, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылуына және тұрақты оттегі қолдауын қажет етуіне байланысты медициналық тасымалдауды арнайы тасымалдау кювезінде жүргізу туралы шешім қабылданды.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, тасымалдау ҰШМҮО медициналық авиация мобильдік бригадасы арқылы жүзеге асырылды. Бригада құрамында дәрігер Жасұлан Жұмғұлов, фельдшер Болат Шәріпов және неонатология департаментінің басшысы Асхат Қуанышбаев болды.

Алматы қаласына келгеннен кейін нәресте әрі қарай мамандандырылған ем алу үшін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жатқызылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0