13.05.2026, 17:40

Көкшетауда әйелді қағып өлтірген жүргізуші 5 жылға сотталуы мүмкін

Фото: видеодан скриншот

Қазір іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Көкшетауда жаяу жүргіншіні көлікпен қағып, өлімге әкелген жүргізуші әйелге қатысты іс бойынша оның күйеуі де жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, жүргізушіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, көлікті басқаруға рұқсат берген тұлғаға қатысты 349-бап бойынша да іс тіркелген. Бұл күдікті — оның жұбайы.

Министрлік өкілінің мәліметінше, аталған бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазір іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ ол сот шешімімен жүргізушіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғанын атап өтті. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.