13.05.2026, 18:00

Бағдаршамның қызыл түсіне жүгірген: Астанада көлік қаққан оқушының жағдайы ауыр

Фото: sputnik.kz

Оқиғадан соң кәмелетке толмаған бала шұғыл түрде №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізіліп, жатқызылған.

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы бағдаршамның қызыл жарығына қарамастан жолға жүгіріп шыққан мектеп оқушысының жол апатынан кейінгі жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиғадан соң кәмелетке толмаған бала шұғыл түрде №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізіліп, жатқызылған.

Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Қазіргі уақытта жасөспірімге қажетті барлық медициналық көмек көрсетілуде, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы 11 мамыр күні болған.

Renault көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне жүгіріп шыққан 13 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Салдарынан жасөспірім түрлі жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілген.