$ 467.63  547.69  6.36

Ақмола облысында халықтың үйі опырылып жатыр

Сапасыз құрылысқа нақты кім жауап беретіні әлі де жұмбақ.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Ақмола облысы, Державинск қаласында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына арналып берілген үйдің сиқы жұртты шошытты. «МегаСтройГрупп» ЖШС жөндеуден өткізген ескі ғимарат бүгінде пайдалануға мүлдем жарамсыз болып тұр.

Тұрғындар үйдің іші көгеріп, қабырғасынан суық ұрып, шатырынан су сорғалап жатқанына шағымдануда. Тіпті, пәтерлердің бірінде табуретканың аяғы еденді тесіп өтіп, төменгі қабаттағы көршілердің үйінен бір-ақ шыққан. Бұл — құрылыс сапасының қандай деңгейде екенін көрсететін айқын мысал. Тұрғындар әр қадамдарын аңдап басуға мәжбүр, себебі еденнің қай жерінен ортасына түсіп кететіндерін білмейді.

Шенеуніктер болса, мердігер мамыр айының соңына дейін барлық кемшіліктерді реттейді деп сендіріп әлек. Алайда халықтың мұндай «қағаздан жасалған» үйде тұруға деген қорқынышы басылар емес. Жауапты органдар мен облыс әкімдігі бұл мәселені бақылауға алғанымен, нәтиже әзірге көңіл көншітпейді. Сапасыз құрылысқа нақты кім жауап беретіні әлі де жұмбақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0