Олар: "Әл-Фараби", "Қожа Ахмет Ясауи" және "Мейірім".
Елімізде жаңа мемлекеттік наградалар енгізілмек. Сенат депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңға енгізілетін өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жаңа ордендер Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы аясында тағайындалып отыр.
Құжатқа сәйкес:
Сонымен қатар заңда бір адамға бірдей құрметті атақты қайта беруге тыйым салу нормасы енгізілген.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін ғалымдармен кездесуде Әл-Фараби атындағы жаңа орден енгізуді ұсынған болатын.
Жаңа марапаттар биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында табысталады.