$ 467.63  547.69  6.36

«Сіз салып берген сара жолмен жүріп келеміз»: Амангелді Сейітханның ұлы әкесін еске алып, көптің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

Міне біздің эфир жүргізіп отырғанымыз сіздің арқаңыз деп білемін

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Марқұм спорт комментаторы Амангелді Сейітханның ұлы Бекасыл Сейітхан футбол матчын жүргізіп, әкесі жайлы сыр шертті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Матч барысында шымкенттік команданың жанкүйерлері марқұм комментаторға құрмет көрсетіп, әйгілі «Жеңісті күндерде жолыққанша!» сөзі мен алып суретін жайды. Осы сәтті пайдаланып, Бекасыл Сейітхан әкесі жайлы сөз қозғады.

«Ал бұл – Амангелді Сейітхан. Спорт комментаторы, қазақ тілінің жанашыры, қазақ спортшыларының қайрағына айналған бұл кісі тек менің әкем емес, күллі қазақтың баласы десем қателеспеймін. Әке, сіздің үніңіз – біздің құлағымызда. Сіз салып берген сара жолмен жүріп келеміз. Қазақ тілі үшін, қазақ спорты үшін барлығын жасағаныңызға көптен-көп рақмет. Міне біздің эфир жүргізіп отырғанымыз сіздің арқаңыз деп білемін», – дейді Бекасыл Сейітхан.

«Ордабасы» жанкүйерлері әйгілі комментатордың суретін ойынның 69-минутында жайды.

«69-минут. 1969 жылы 11 мамыр күні әкем дүниеге келген. Жанкүйерлерге, «Ордабасының» басшылығына осы эфирді пайдаланып, алғысымды айтамын», – дейді жас комментатор.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0