Тіпті жасаған ісіне өкінбеген бұзақы «осында күтіп отырамын» деп, қайта келіп қыздардың өзін кінәлаған.
Атырау көшелерінің бірінде бейтаныс ер адам жүкті әйелге қол көтеріп, артынан балағаттаған. Жәбірленушінің айтуынша, ол құрбысымен жай ғана әңгімелесіп тұрған жерінде кенеттен соққы алған. Ескерту жасаған бойжеткендерге ер адам қымсынбастан күліп, оларды келемеждей бастаған.
Тіпті жасаған ісіне өкінбеген бұзақы «осында күтіп отырамын» деп, қайта келіп қыздардың өзін кінәлаған. «Бүгін біз болсақ, ертең біздің орнымызда өзін қорғай алмайтын кішкентай қыз болуы мүмкін еді», – дейді автор.
Бұл жағдай желі қолданушыларының арасында үлкен талқылау тудырып, ер азаматтың әрекетіне қатысты наразылық күшейді. Тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, 36 жастағы күдіктіні бірден анықтап, қамауға алды. Қазіргі таңда іс материалдары сотқа жолданып, тиісті жаза қолданылмақ. Көпшілік мұндай бассыздықтың қоғамда орын алуына жол берілмеуі тиіс деп есептейді. Тәртіп пен мәдениет - ортақ қауіпсіздігіміздің кепілі. Ақпарат көзі: atyrau.today06