$ 474.04  555.01  6.45

Ақтөбеліктер жол азабын тартып жүр

Отыз жылда оңалмаған жолдың жайы енді шыдамның шегіне жеткенін көрсетіп тұр.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Ақтөбе облысындағы «Изімбет-Эмба» бағытындағы жолдың сиқы бүгін әлеуметтік желіні шарлап кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Отыз жылда оңалмаған жолдың жайы енді шыдамның шегіне жеткенін көрсетіп тұр.

Халықтың айтуынша, бұл жерде қазір жол деген атымен жоқ, тек батпақ пен шұңқыр ғана қалған. Тіпті тау-тасты кезіп жүретін жол талғамайтын көліктердің өзі бұл аймақта дәрменсіз. Жеңіл көлік мінген ағайынның жағдайын айтудың өзі артық, олар үшін бұл нағыз «азап жолына» айналған. Бұл мәселенің көтерілгені бірінші рет емес, бірақ нәтиже әлі де сол баяғы жартас – сол жартас.

Ел биліктен құрғақ уәде емес, нақты іс пен сапалы асфальт күтіп шаршады.

Көліктің қосалқы бөлшектеріне кететін шығын халықтың қалтасын әбден қақты. Шенеуніктер жылы кабинетте отырғанда, қарапайым жұрт қара жолдың бойында көлігін сүйреп әлек.

Егер жағдай осылай жалғаса берсе, ауыл мен қала арасындағы қатынас мүлдем үзілуі мүмкін.

Халықтың ашу-ызасы мен жанайқайына құлақ асатын жан бар ма?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0