$ 474.04  555.01  6.45

Депутат Базарбек 900 мың теңге жалақының өмір сүруге жетпейтінін айтты

Оның айтуынша, кейбір әріптестерінің бес-алты баласы бар, ал балаларды балабақшаға, түрлі үйірмелерге беру, киіндіріп, қажеттіліктерін өтеу қомақты қаражатты талап етеді.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек ай сайынғы 900 мың теңге көлеміндегі жалақысы отбасылық шығындарды толық жабуға жетпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, кейбір әріптестерінің бес-алты баласы бар, ал балаларды балабақшаға, түрлі үйірмелерге беру, киіндіріп, қажеттіліктерін өтеу қомақты қаражатты талап етеді.

«Баланы балабақшаға не түрлі секцияларға апару, киіндіру, аяқ киімін алу – бәріне шамамен 300 мың теңге кетеді. Ал азық-түлік бағасы өсіп жатқанын ескерсек, бір миллион теңге де жетпеуі мүмкін. Мысалы, мен шамамен 900 мың теңге аламын, бұл өзіме жеке жетпейді. Сондықтан жұбайымның да жұмыс істегенін сұрадым», – деді Базарбек Үкімет кулуарында.

Депутат жалақыны қайта қарау және оны өсіруге қойылған мораторийді алып тастау мәселесіне қатысты сұраққа мұндай шешімдерді өзі қабылдамайтынын айтты. Оның сөзінше, кез келген өзгеріс болуы мүмкін, алайда қазіргі экономикалық жағдайда мұндай қадам аса орынды емес.

Сондай-ақ Бақытжан Базарбек алдағы бес жылда бұл мәселе қайта көтерілмеуі мүмкін деген пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0