$ 474.04  555.01  6.45

Илон Маск 6 жасар ұлын Қытай премьерімен болған кездесуге ертіп барған

CBS News телеарнасының хабарлауынша, Маск X A-Xii есімді ұлымен бірге Бейжіңдегі Халық жиналысы үйінде өткен  Си Цзиньпин мен Трамптың кездесуіне қатысқан.

Фото: ТАСС / EPA / GO NAKAMURA / POOL
Фото: ТАСС / EPA / GO NAKAMURA / POOL

Илон Маск АҚШ президенті Дональд Трамптың делегациясы құрамында Қытайға сапармен барды. SpaceX компаниясының негізін қалаушы және Tesla тең құрылтайшысы өзімен бірге ұлын да ертіп барған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

"Менің ұлым қытай тілін үйреніп жүр", – деп жазды Маск X желісіндегі парақшасында қытай тілінде. 

Бұған дейін желі қолданушыларының бірі 54 жастағы Илон Масктың маңызды сапарға 6 жастағы ұлын апарғаны туралы жазба жариялаған болатын. Xinhua News Agency агенттігінің тілшісі Ли Цзэсинь "Трамптың немерелері қытайша үйреніп жүргенін, ал Масктың ұлы қытай нақышындағы киім кигенін" жазды. 

"XXI ғасырда қытай мәдениетін қабылдау ең сәнді дүниелердің біріне айналды", – деді қытайлық журналист. 

CBS News телеарнасының хабарлауынша, Маск X A-Xii есімді ұлымен бірге Бейжіңдегі Халық жиналысы үйінде өткен  Си Цзиньпин мен Трамптың кездесуіне қатысқан.

Euronews жазуынша, Илон Маск ұлын Қытай премьер-министрі Ли Цянмен болған іскерлік кездесуге ертіп барған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0