15.05.2026, 15:40

«Интимді жерімді уқалады»: Алматылық бойжеткен фельдшердің әрекетін әшкереледі (ФОТО)

Коллаж: sn.kz

Автор жазбасында бұл оқиғаға қоғам назар аударуын сұрап, фельдшердің суреттерін де жариялаған.  

Әлеуметтік желіде жедел жәрдем қызметкеріне қатысты шулы жазба тарады. Автордың айтуынша, фельдшер оған медициналық көмек көрсету кезінде тиіскен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Threads желісіндегі жазбада бойжеткен 2026 жылғы 14 мамыр күні түнгі уақытта өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырғанын айтқан. Оның сөзінше, шақыртуға 1992 жылы туған фельдшер келген.

“Қарау жүргіземін деген сылтаумен интимді жерлерімді ұстай бастады. Полиция шақыру үшін телефонымды алған кезде, ол тартып алып, мені пәтерде күштеп ұстап қалуға тырысты. Айқайлаған кезде көршілер жиналып, солар құтқарып қалды”, – деп жазды желі қолданушысы.

Автор жазбасында бұл оқиғаға қоғам назар аударуын сұрап, фельдшердің суреттерін де жариялаған. Қазіргі уақытта аталған жағдайға қатысты ресми органдар пікір білдірген жоқ. Желі қолданушылары оқиғаның мұқият тексерілуін талап етіп жатыр.