Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысушы делегация басшылары Түркістандағы Конгресс-холлға келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мәртебелі меймандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.
Сондай-ақ, ТМҰ бейресми саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары бірге суретке түсті.