$ 474.04  555.01  6.45

ММА спортшысы қайғылы жағдайда көз жұмды

Қайғылы оқиға 12 мамыр күні болған.

Фото: championat.com
Фото: championat.com

Ыстықкөлде ММА спортшысы Медет Жээналиев суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы жергілікті басылымға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 12 мамыр күні болған. Ыстықкөл аудандық полиция бөліміне 1995 жылы туған М.Ж. есімді азаматтың жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Ол Бактуу-Долоноту ауылындағы демалыс үйлерінің біріне аялдаған.

Тексеру барысында сол күні ауыл жағажайында төрт жасөспірім қыздың шомылып жүргені анықталды. Солардың бірі суға батып бара жатқан кезде оқиға орнында болған спортшы мен оның досы қызды құтқару үшін көлге секірген.

Қыз бала құтқарылғанымен, ер адам суға батып кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары ер адамның денесін келесі күні таңертең анықтады. Қаза тапқан адамның ММА спортшысы, 30 жастағы Медет Жээналиев екені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0