$ 498.34  519.72  4.85

Диас Қадырбаев 7 жылдан аспайтын мерзімге сотталуы мүмкін

АҚШ билігі Бостондағы (Массачусетс штаты) лаңкестік актіні тергеуге кедергі жасады деп айыптаған қазақстандық студент Диас Қадырбаев тергеумен мәмілеге келіп, өзінің кінәсін мойындады, деп хабарлайды «Қазақпарат» ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Прокуратура өкілдері келісім шарттарына сәйкес олар Қадырбаевтың жеті жылдан аспайтын мерзімге түрмеге қамалуына қол жеткізетінін көрсетті. Оның адвокаттары өздерінің қорғауындағы адамның жазасын бұдан да жеңілдетуіне  қол жеткізуі мүмкін.

Тараптар арасындағы бұл уағдаластықты істі жүргізіп жатқан судья Дуглас Вудлок мақұлдауы тиіс.

Бостон соты Қадырбаевтың ісі бойынша үкімді 18 қарашада жариялайды деп мәлім етілді.

Тергеу мәліметінше, жарылыстан соң үш күннен кейін басты күдікті Джохар Царнаевтың Массачусетс университетінде танысқан достары - қазақстандық студенттер Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев оның пиротехника салынған рюкзагы мен ноутбугінен құтылған. Шілденің 21-і күні Бостон қаласының өлкелік сотындағы сот алқасы Тәжаяқовты терактіні тексеруге кедергі келтірді деп таныған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары